Қазақстандық боксшы IBF рейтингінің үздік бестігіне енді
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Басылым Қазақстан боксшыларының рейтингтегі орындарын мәлім етті. Рейтинг бойынша екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов әзірге 15-орында. IBF нұсқасы бойынша осы салмақта әлем чемпионы кубалық Уильям Скулл тұрған рейтингтің бірінші позициясы бос, екінші және үшінші орындарды тиісінше ресейлік Владимир Шишкин мен француз Кристиан Мбилли иеленді.
IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бар орта санатта да бірінші орын бос, екінші орынды италиялық Этиноса Олиха, үшінші орынды британдық кіші Крис Юбэнк иеленді. Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек жетінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы әлем чемпионы – британдық боксшы Энтони Какасе, рейтингті мексикалық Эдуардо Нуньес бастаса, екінші орын бос тұр, үздік үштікте жапондық Масанори Рикиши.