Қазақстанда футбол клубтарын қаржыландыру қайта қаралады
Туризм және спорт министрлігінің басшысы министрлер кабинетінің брифингінде елдегі футбол клубтарын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жоспары туралы айтты.
Брифинг барысында Ербол Мырзабосыновқа қазақстандық футбол клубтарын қаржыландыру лимиті өзгере ме деген сұрақ қойылды.
- Мәселені қадағалап жатырмыз. Футбол федерациясының басшылығы ауысқанын білесіздер. Енді оларға (бұл мәселені – ред.ескертпесі) талдау тапсырылды. Жаңа заңнама аясында лимиттерге өзгерістер енгізіледі. Бірақ бұл барлық клуб үшін бірдей шектеу болады. Десе де біз балалар спортына – балалар футболына көңіл бөлеміз, - деп жауап берді Туризм және спорт министрі.
Журналистер қазіргі шек 1,2 триллион теңге екенін еске салып, әңгіменің қандай сома туралы болып жатқанын сұрады. Алайда бұл сұраққа Ербол Мырзабосынов жауап бермеді. Ол лимитті асырғаны үшін жауапкершілік бар екенін айтты.
- Әрине, заң шықса, олар да жауапқа тартылады (лимитті асырғаны үшін футбол клубтарының басшылары жауап береді – ред.ескертпесі), - деп түсіндірді Туризм және спорт министрлігінің басшысы.