ҚПЛ-да шетелдік ойыншылар санына лимит қою қайта қарастырылады

ҚПЛ-да шетелдік ойыншылар санына лимит қою қайта қарастырылады

Лига кеңесінің отырысында ҚФФ QFL-мен біріге шетелдік футболшыларға қатысты лимитті қайта қарап, әр матчтың өтінімінде кемінде 21 жасқа дейінгі екі ойыншы болуы тиіс деген ұсыныс білдірілді.

Нақтырақ айтсақ, өтінімде легионерлердің саны 10-нан аспауы керек және қосымша әр шетелдік футболшы үшін 40 миллион теңге төленген жағдайда, тағы екі легионерді қосуға рұқсат. Ал жиналған барлық қаржы арнайы қорға жіберіліп, 21 жасқа дейінгі ойыншыларға жасыл алаңда көп уақыт берген командалар арасында бөлінеді.

Лимит бойынша ұсынысты ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов пен «Ордабасы» клубының президенті Асхат Сейсембек қолдады.«Ақтөбе», «Қызылжар» мен Ertis клубтары қалыс қалса, «Қайрат» клубының бас директоры Асқар Есімов қарсы шықты. Нәтижесінде бұл ұсыныс ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелерінің кеңесінде талқыланатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или