Анастасия Городко қысқы Универсиадада алтыннан алқа тағынды

Анастасия Городко қысқы Универсиадада алтыннан алқа тағынды

Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Туриндегі ХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында фристайл-могулдан отандасымыз 79,79 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады.

Финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или