Зарина Диас әлемдік рейтингте 15-сатыға көтерілді

Зарина Диас әлемдік рейтингте 15-сатыға көтерілді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас жекелей сындағы WTA жаңартылған рейтингінде орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зарина Диас 15 сатыға көтеріліп, қазір 366-орында тұр. Қазақстандық теннисшілерден рейтингте Елена Рыбакина 7-орында, Юлия Путинцева 23-орынға және Жібек Құламбаева 322-орында келеді.

Еске салайық, қаңтардың басында Зарина Диас Таиландтың Нонтхабури қаласында өткен турнирде қатарынан үш жеңіске жетіп(екі іріктеу матчын қосқанда), 1/8 финал матчынжа қарсыласына жол берген еді. Сондай-ақ, ол жұптық сында ресейлік Мария Ткачевамен дуэтте жартылай финалға дейін жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или