«Елімайдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы «Арсеналмен» келісімшарт жасасты
«Арсенал» Тула 27 жастағы доминикандық жартылай қорғаушы Эдарлин Рейес Уреньямен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
«Эдарлин Рейес Уренья – «Арсеналдың» жаңа ойыншысы. Ол футболдағы алғашқы қадамдарын АҚШ-тың USL-2 лигасында өнер көрсететін «Евро Нью-Йорк» клубында жасады. Оның мансабында Доминикан Республикасының «Сибао», Боливияның «Реал Санта-Крус» және «Олвейс Реди», сондай-ақ БАӘ-нің «Эмирейтс» командалары болды.
2018 жылдан бері Рейес Доминикан Республикасы құрамасының тұрақты ойыншысы болып табылады. Соңғы жарты жылда ол Қазақстанның «Елімай» клубында өнер көрсетті. Оның еншісінде 15 матч, 2 гол және 6 нәтижелі пас бар», – деп жазады ресейлік клуб.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или