Волейболдан ел чемпионаты: «Берел» мен «Жетісу» алда келеді

Волейболдан ел чемпионаты: «Берел» мен «Жетісу» алда келеді

Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында кезекті ойындар нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Кaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап

Өткен жылғы кубок пен суперкубок иегері «Жетісу» (Талдықорған) командасы «Алматыны» 3:0 (2513, 25:16, 25:20) есебімен қиналмай ұтты.

Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының өткен жылғы күміс жүлдегері «Берел» (Өскемен) клубы «Ақтөбені» бұйым құрлы көрген жоқ — 3:0 (25:12, 25:15, 25:14).

Өскемендіктер жеңіс саны (15, ұпайы — 42) жөнінен алда тұрса, талдықорғандықтар ұпай санын 44-ке жеткізді.

Ел чемпионы «Тұран» (Түркістан) Павлодардың «Ертісінен» басым түсті — 3:1 (25:20, 22:25, 25:11, 25:16).

Ең тартысты кездесу «Ару-Астана» мен «Грация KZ» (Орал) арасында болды. Кеше астаналықтар күтпеген жерден көш соңындағы «Ертіске» 2:3 есебімен есе жіберген еді. Бүгін қос клубтың да жеңіске жететіндей мүмкіндіктері болды. Бес партияға созылған ойында сәттілік астаналықтар жағында болды — 3:2 (25:23, 25:23, 20:25, 23:25, 15:10). Бұл кездесу қорытындысымен «Ару-Астана» 2, «Грация KZ» 1 ұпайға ие болды.


Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или