Айымбетов Түркиядағы соңғы матчында ең нашар ұпай алды

Айымбетов Түркиядағы соңғы матчында ең нашар ұпай алды

Flashscore.com статистикалық сайты «Адана Демирспордың» қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетовтың Түркия Суперлигасының 19-шы турында «Газиантепке» қарсы матчтағы (0:1) ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айымбетов «Адана Демирспор» сапында негізгі құрамда шығып, 79-минутта ауыстырылды. Өз ойыны үшін Қазақстан құрамасының ойыншысы 6,1 ұпай алды, бұл негізгі құрамда шыққан ойыншылар арасындағы ең нашар баға.

Абат Айымбетов биылғы маусымда «Адана Демирспор» сапында барлығы 14 матч өткізіп, 3 гол соқты. Команда 18 ойыннан кейін Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде небәрі 5 ұпаймен соңғы, 19-шы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или