«Қайрат» Ресейде ойнайтын футболшыны қатарына қосады

«Қайрат» Ресейде ойнайтын футболшыны қатарына қосады

«Пари НН» клубының израильдік жартылай қорғаушысы Дан Глейзер «Қайратқа» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Глейзер осы маусымда ресейлік клуб сапында 15 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. 28 жастағы Израиль ұлттық құрамасының ойыншысының келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін созылады. Transfermarkt.de сайты ойыншыны 700 мың еуроға бағалап отыр.

Футболшы өзінің мансабында сонымен қатар израильдік «Маккаби Тель-Авив», «Бейтар Тель-Авив/Бат-Ям» және «Маккаби Нетанья» және гректік ОФИ командаларында ойнады. Глейзер Израиль құрамасында 2018 жылдан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или