«Бірінші лигада дамиды». «Тюмень» жаттықтырушысы қазақстандық қақпашы туралы айтты
«Тюмень» клубының бас бапкерінің көмекшісі Сергей Попков қазақстандық қақпашы Александр Довгальді ресейлік клубқа шақыру бастамасын өзі көтергенін Legalbet.kz сайтына айтты.
– Мен оның қазір де, болашақта да мықты ойыншы болатынына сенімдімін. Ол бізге үлкен көмек көрсетеді деп үміттенемін. Тіпті, Мелбет-Бірінші лига деңгейінен өсіп кетуі мүмкін деп ойлаймын. Оны шақыру туралы ұсынысты өзім енгіздім. Бұрыннан талқылап жүрдік, енді қайта бірігіп жатқаныма қуаныштымын, – деді Попков.
24 жастағы Довгаль 10 қаңтарда еркін агент ретінде «Тюмень» сапына қосылды.
Довгаль – «Оқжетпестің» түлегі. Ол 2021-2023 жылдары Попковтың қол астында ойнаған. 2024 маусымында қазақстандық қақпашы «Қызылжар» сапында жеті матч өткізді.
Қазіргі таңда «Тюмень» Мелбет-Бірінші лигада соңғы орында тұр. Команда 21 ойында 12 ұпай жинаған. Құтқарушы 15-орыннан сегіз ұпай артта. Маусымның екінші бөлігін «Тюмень» 2024/2025 жылғы маусымда наурыздың басында Мәскеудің «Родинасына» қарсы сырт алаңда бастайды.