Алматылық «Қайрат» қорғаушысы «Қызылжарға» ауысуы мүмкін

Алматылық «Қайрат» қорғаушысы «Қызылжарға» ауысуы мүмкін

Петропавлдың «Қызылжары» «Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Егор Ткаченконы сатып алуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Клуб ойыншыны 2025 жылғы маусымға жалға алуды жоспарлап отыр. Алматылық командаға келсек, Қазақстан чемпиондарының бапкерлер штабы жаңа маусымда футболшыны жіберуге дайын.

Ткаченкоға қарағандылық «Шахтер» де қызығушылық танытып, тіпті ойыншыны тұрақты түрде сатып алуға дайын.

Еске салайық, бұған дейін «Қызылжар» «Қайраттың» басқа да түлектері Андрей Улшин, Арсен Буранчиев және Глеб Валгушевті қатарына қосқан болатын.

2024 жылғы маусымда 21 жастағы ойыншы «Қайрат» пен «Жетісу» сапында 18 матчқа қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или