Танымал қазақстандық файтер UFC келісімшарты үшін сынға түседі
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағулов командаласы Әліби Ыдырыс жаңа маусымда The Ultimate Fighter (TUF) реалити-шоуына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмағулов жаңалықты өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те видео арқылы жариялады. Ол Әліби 33-ші маусымға белсенді дайындалып жатқанын айтты. Шоудың жеңімпаздары UFC келісімшартына ие болады.
Жаңа маусым қатысушыларының ресми анонсы жақын арада жарияланады. Бұл маусымда спортшылар екі салмақ дәрежесінде сынға түседі: 56,7 келі және 77,1 келі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или