Қазақстандық қақпашы ресейлік клубқа ауысты
Қазақстандық қақпашы Александр Довгаль мансабын ресейлік «Тюмень» клубында жалғастырады.
24 жастағы қақпашы тюмендік командамен келісімшартқа отырды. Келісімнің толық мәліметтері жарияланбады.
Өткен маусымда Довгаль Петропавлдың «Қызылжар» командасының қақпасын қорғады. Ол команда Қазақстан Премьер-Лигасында тоғызыншы орынды иеленді. Бұған дейін ол Көкшетаудың «Оқжетпес» клубында ойнап, Қазақстанның Бірінші лигасының чемпионы атанған еді.
Айта кетейік, қазіргі маусымда «Тюмень» Ресейдің Бірінші лигасында 12 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или