Төрт жыл бойы «Астананың» қақпасын қорғаған Заруцкий «Қайратқа» ауысты

Төрт жыл бойы «Астананың» қақпасын қорғаған Заруцкий «Қайратқа» ауысты

Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий «Қайрат» сапына келіп қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған.

Александр – қарағандылық «Шахтёр» түлегі. Мансабында «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс», «Қайсар» сынды клубтарда өнер көрсетті.

Заруцкий соңғы төрт маусымда «Астана» сапында ойнады. 54 матч өткізіп, 40 гол жіберіп алды, ал 24 ойында қақпасына гол дарытпаған.

Өткен жазда Александр Қазақстан құрамасының сапында Әзірбайжанға қарсы ойында дебют жасады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или