«Барыс» ҚХЛ-дың үздік қақпашысының бірімен үш жылдық келісімшартқа қол қойды
«Барыс» хоккей клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Никита Бояркинмен үш жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Келісім 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
26 жастағы қарағандылық хоккей мектебінің түлегі Бояркин осы маусымда ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатында бірнеше рет матчтың және күннің үздік ойыншысы болып танылды. Ол 30 матчта орта есеппен 2,13 шайба өткізіп, 93,2% соққыны қайтарды. Никита қақпада болған кезде, «Барыс» 10 матчтың 8-інде жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или