Аделаидадағы WTA-500 турнирі: Путинцева - Шнайдер матчына бейнешолу

Аделаидадағы WTA-500 турнирі: Путинцева - Шнайдер матчына бейнешолу

Әлемнің 25-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аделаидадағы (Аустралия) WTA-500 санатындағы турнирде өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz

Ширек финалда ол ресейлік теннисші Диана Шнайдерді 2:1 (7:6 (7:3), 6:7 (9:11), 6:4) есебімен жеңді. Матч 3 сағат 13 минутқа созылды. 

Аделаидадағы турнирдің финалына шығу үшін Юлия Путинцева америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или