Илия Топурия мен Александр Волкановски UFC 314 турнирінде реванш өткізуі мүмкін
Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия мен осы салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы Александр Волкановски UFC 314 турнирінде реванш өткізуі мүмкін. Бұл турнир 5 сәуірде Майамиде өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Eurosport журналисі Альваро Кольменероның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлауынша, бұл жекпе-жек әзірлену үстінде.
Еске сала кетейік, осы екі спортшы арасындағы алғашқы жекпе-жек 2024 жылы ақпанда өткен, сол кезде Топурия екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Содан кейін, 2024 жылы қазанда Топурия тағы бір экс-чемпион Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Ал Волкановски болса, Топуриядан жеңілгеннен кейін октагонға шыққан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или