Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады

9 қаңтар күні Алматыда фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде үш медальмен ерекшеленді. Оның екеуін Анастасия Городко иеленді. Ол могул бойынша екінші орынды және параллель могулда бірінші орынды жеңіп алды.

Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медальға ие болды.

Медальдар есебінде Қазақстан екінші орында тұр. Бірінші орында Жапония (екі алтын және бір қола медаль), ал үшінші орында Чехия (бір алтын).

Ертең спортшылар фристайл-акробатикадан жүлделер үшін күреседі.

Фото: FIS

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или