Зарина Дияс Таиландтағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты

Зарина Дияс Таиландтағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Мария Ткачевамен бірге ширек финалда қытайлық Шуо Фэн - грекиялық Сапфо Сакелларидимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп 1 сағат 15 минутқа созылған матчта 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Зарина Дияс - Мария Ткачева финалға шығу үшін үндістандық Рутуя Бхосале - Гонконг өкілі Юдис Чонгпен таласады.

Дияс бүгін жекелей сындағы бәсекесін де өткізді. Онда екінші айналымда гонконгтық Хон-И Коди Вонға есе жіберді - 1:6, 6:1, 3:6. Бұл ойын 1 сағат 49 минутта бітті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или