Қазақстандық шабуылшы бельгиялық клубта қаралымнан өтеді
18 жасар қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев бельгиялық «Гент» клубында қаралымнан өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Meta-ratings.kz мәліметінше, ойыншы астаналық «Жеңіс» клубымен оқу-жаттығу жиындарына қатысып, кейін Бельгияға ұшып, «Гент» клубының U-21 жастар командасында қаралымнан өтеді.
Аллахвердиев кәсіпқой футболдағы дебютін 15 жасында «Жеңіс» сапында жасаған.
2023 жылы Рауль Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша өз жылындағы ең қымбат топ-50 ойыншының қатарына енген. Оның бағасы 175 мың еуроны құрап, 45-орын иеленді. Бұл оның жасындағы қазақстандық футболшылар арасында ең жақсы көрсеткіш.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или