Қазақстандық теннисші Аделаида WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Аделаида WTA 500 турнирінің финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майя – германиялық Лаура Зигемундпен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.
Бірінші партияда бразилиялық-германиялық дуэт басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Данилина – Хромачева брейк жасап кетті – 7:5. Алайда супер тай-брейкте қарсыластары сәтті ойнады – 10:7.
Бір сағат 54 минутқа созылған тартысты матчта қазақстандық-ресейлік жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Хаддад Майя – Зигемунд 1 эйс, 2 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или