Фристайл-могулдан бүгін тағы күміс медаль бұйырды
Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұбы күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бүгін Алматы қаласында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті.
Аралас жұптық сында Қазақстан-2 командасы (Денис Раструба, Юлия Фиклистова) финалға жетіп, 28 ұпай жинады. Мұнда АҚШ-2 құрамасы чемпион атанса, үздік үштікті тағы америкалық жұп түйіндеді. Бүгін барлығы 15 команда сынға түсті.
Еске сала кетейік, Денис пен Юлия былтыр Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы бірге қатысқан.
Фристайл-могулдан Ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 1 алтын, 2 күміс жүлдемен аяқтады. Анастасия Городко параллель могулда топ жарып, алғашқы күні жекелей сында 2-орыннан көрінген. Бүгін жүлдегерлер қатарын Юлия Фиклистова мен Денис Раструба толықтырды.