Қазақстандық жартылай қорғаушы «Андижаннан» кетті
Өзбекстанның «Андижан» командасы 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Абинур Нұрымбеттің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Абинур Нұрымбет келісімшартының аяқталуына байланысты «Андижаннан» кетіп қалды. 19 жастағы жартылай қорғаушы былтыр жазда өзбекстандық клубқа ауысып, алты матч өткізіп, нәтиже көрсете алмаған.
Тараздың түлегі Нұрымбет бұған дейін «Ұлытау», Минсктің «Энергетика-БГУ» және «Гомель» командаларында да өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или