20 жастағы өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» ауысады
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының 20 жастағы қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Ланстан» ағылшындық «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы Бен Джейкобс пен Фабрицио Романо хабарлады.
Журналистердің мәліметіне сәйкес, ағылшындықтар өзбекстандық футболшы үшін 36 миллион еуро төлеуге дайын.
Футболшының ауысуына қатысты келіссөздер қарқынды түрде жүріп жатыр. Айта кетейік, 2023 жылы Хусанов Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсеткен. Сол жылдың шілде айында ол француздық «Лансқа» небәрі 0,1 миллион еуроға ауысқан болатын.
«Ланс» сапында Хусанов 31 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Француз клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жасалған еді. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтағы бағасы 12 миллион еуро деп көрсетілген.