«Шахтер» құрамы тәжірибелі қорғаушымен толығады

«Шахтер» құрамы тәжірибелі қорғаушымен толығады

«Шахтер» құрамы тәжірибелі қорғаушымен толығады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Керімжанов Алматы футболының түлегі «кеншілермен» бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, командаға керек екенін дәлелдемек ниетте. Осыдан кейін қарағандылықтар қорғаушымен келісімшарттың бүге-шігесін талқыламақ.

«Шахтер» Бірінші лигадан жоғарылап ҚПЛ-ге қайтудың қарекетіне мықтап тұрып кіріскен секілді. Себебі, бұған дейін Михаил Габышевтің де қарағандылық клуб сапын толықтыратыны белгілі болды.

Олжас Керімжанов биыл «Атырау» жейдесінде жемісті өнер көрсетті: премьер-лигада өзі қатысқан 23 матчтың 22-інде алаңға негізгі құрамда шыққан. Бір рет мергендік танытты. Жалпы, Қазақстан премьер-лигаларының қатарында 147 кездесуде доп теуіп, 12 гол салған.

Спорттық мансабында «Атырау», «Тұран», «Жетісу», «Қайсар», «Қыран» мен «Оқжетпес» секілді командалар болды.

2019-жылдың 13-қазанында ұлттық команда сапындағы дебюттік матчын өткізді, жалпы бес ойында Қазақстан намысын қорғады. Transfermarkt.com нұсқасына сай футболшының нарықтық бағасы 150 мың еуро.

Естеріңізде болса, өткен маусымда «Шахтер» тарихында тұңғыш рет жоғары дивизиондағы орнынан айырылып, төмендеген еді. Келесі маусымда қарағандылық команда Бірінші лигада өнер көрсетпек.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или