Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылыс-монтаж жұмыстары созылып кеткені белгілі болды

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылыс-монтаж жұмыстары созылып кеткені белгілі болды

Елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды әлі сүріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz

Елорда әкімдігінің мәліметінше, техникалық тексерулерге сәйкес, стадионның қолданыстағы стендтері құлау алдында тұрды. Осыған байланысты қайта жаңғыртпай, толық бөлшектеу және жаңа стадион салу жоспарланған. Сондықтан құрылыс-монтаж жұмыстары созылып отыр. 

Жаңа жоба бойынша ауданы 7140 шаршы метр болатын, көлемі 105 м х 68 м ойын алаңы бар UEFA стандартының 3-санатындағы 4500 орындық стадион салу жоспарланған. 

- Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданып, жобалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта эскиздік жоба әзірленіп жатыр. Келісімді алғаннан кейін жабық үлгідегі стадионның эскиздік жобасы мемлекеттік сараптама порталына жүктеледі. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғимараттың құрылысы бойынша жұмыстар басталады, - деп түсіндірді Астана қаласының әкімдігінен.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или