«Жетісу» командасы отырған ұшақ шұғыл жағдайда Ақтауға қонды

«Жетісу» командасы отырған ұшақ шұғыл жағдайда Ақтауға қонды

«Жетісу» командасы отырған ұшақ шұғыл жағдайда Ақтауға қонды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгін таңда Алматыдан Анталияға ұшып шыққан рейс Ақтау әуежайына шұғыл жағдайда қонған. Әуе кемесі бортында «Жетісу» командасы да болған. 

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшақтың отын багының сақтандырғыш клапанында ақау пайда болған. 

Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтар сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақүйге орналастырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или