Ханси Флик: Ямаль дайын және Суперкубокте ойнайды
«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Ламин Ямальдың Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикке» қарсы матчта ойнау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport+.
«Ол үш-төрт рет жаттығу өткізді. Ол дайын және ойнай алады», — дейді Фликтің сөзін AS басылымы келтіреді.
Еске салсақ, 17 жастағы шабуылшы желтоқсан айының ортасында тобығынан жарақат алған еді.
Биылғы маусымда Ямаль барлық турнирлерде 21 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или