Анна Данилина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина және ресейлік Ирина Хромачева Аделаидадағы WTA турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда олардың қарсыластары америкалық Эшлин Крюгер мен америкалық Джессика Пегула болуы керек еді. Алайда олар матчқа келмегендіктен, Данилина мен Хромачева келесі кезеңге ойынсыз өтті.
Жартылай финалда олар бразилиялық Беатрис Хаддад Майя және германиялық Лаура Зигемунд дуэтімен кездеседі.
Айта кетейік, алдыңғы матчта Данилина мен Хромачева аустралиялық Оливия Гадецки / Габриэлла Да Силва Фик жұбын екі сетте 6:1, 6:1 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или