Қазақстан құрамасының футболшысы «Жеңіске» ауысты
Қорғаушы Асхат Балтабеков «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асхат 1993 жылы 6 қарашада Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол талдықорғанлық футбол мектебінің түлегі. Кәсіпқой жолын 2010 жылы «Жетісу» клубының дублінде бастаған. Өзінің футболшылық жолының басым бөлігін туған клубына арнады.
Тек екі маусымда алматылық «ЦСКА» мен шымкенттік «Қыран» клубтарында өнер көрсетті.
Өткен жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылып, Словения мен Норвегия құрамаларына қарсы ойындарға қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или