Әлемдік футбол аңызы Франция құрамасын басқаруы мүмкін
Қазіргі уақытта Франция құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарып отырған Дидье Дешам келесі жылы қызметінен кетеді.
Le Parisien ақпараты бойынша, Франция құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне басты үміткер Зинедин Зидан болып отыр.
Қазіргі жаттықтырушы Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қызметінен кететінін мәлімдеген.
Дешамның басшылығымен «үш түсті» құрама 2018 жылы Әлем чемпионатын жеңіп алды, 2022 жылғы Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының «күмісін» және 2024 жылғы Еуроның «қоласын» иеленді.
Еске салайық, Зинедин Зидан мен Дидье Дешам Франция құрамасында бірге ойнап, 1998 жылғы әлем чемпионатында және 2000 жылғы Еуропа чемпионатында командаға жеңіс сыйлаған. Ал жаттықтырушы ретінде Зидан «Реалмен» УЕФА Чемпиондар лигасын үш рет, Ла Лиганы екі рет жеңіп алды.