UFC нұсқасы бойынша 2024 жылғы үздік нокаут иесі белгілі болды
Америкалық файтер Макс Холлоуэй UFC нұсқасы бойынша «Жыл нокауты» номинациясының жеңімпазы атанды.
Макс Хеллоуэй 2024 жылы 13 сәуірде Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 300 турнирінде отандасы Джастин Гэтжиді мерзімінен бұрын жеңген еді. Ол жекпе-жектің соңғы секундтарында қарсыласын нокаутқа түсірді.
Макс Хеллоуэй соңғы жекпе-жегін өткен жылы қазанда өткізіп, UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топуриядан жеңіліп қалды. Топурия он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын қорғады. Ал Макс Холлоуэй сегізінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, UFC нұсқасы бойынша «Жыл нокауты» атағына Хеллоуэйден бөлек, ресейлік Шара Буллет және бразилиялықтар Винисиус де Оливейра мен Алекс Перейра да үміткер болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или