Зарина Дияс Таиландтағы турнирде үшінші кездесуінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші, әлемнің 381-ракеткасы Зарина Дияс Нонтхабури (Таиланд) ITF W75 турнирінің екінші айналымына өтті.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, екі кездесуінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші негізгі додада алғашқы айналымда әлемнің 310-ракеткасы, америкалық Анна Роджерспен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Зарина 3:0 есебімен алға кетті. Қорытынды есеп — 6:4. Екінші сет те 6:4 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 33 минутқа созылды.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 258-ракеткасы, оңтүстіккореялық Чан Су Джон немесе рейтингіде 353-орындағы Хон-И Коди Вонның біреуімен таласады.
З.Дияс осы додада ресейлік Мария Ткачевамен бірге жұптық сында ширек финалға шықты. Қазақстандық-ресейлік жұп бастапқы матчында тайбэйліктер И-Хсуань Чо — Ю-Тсен Чоны жолдан тайдырды — 6:2, 6:3.
Зарина Дияс — Мария Ткачева ширек финалда қытайлық Шуо Фэн — грекиялық Сапфо Сакелларидимен кездеседі.