ММА. Өзбекстандық файтер Кичигиннен чемпиондық белбеуді тартып алуға уәде етті
OCTAGON лигасының өзбекстандық файтері Шохасан Мирзаматов (14-4) ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпион қазақстандық Георгий Кичигинге (31-11) хабарлама жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бразилиялықты ешкім құлата алмаған, мен бірінші болып нокаутқа түсірдім. Мен ұрсам, қарсыластарым бірден құлайды. Кичигинды да дәл осындай тағдыр күтіп тұр. Ақпан айында оның қолынан белбеуді тартып алғым келеді. Одан кейін орта салмаққа көтеріліп, тарихта алғаш рет екі салмақта OCTAGON чемпионы атанған файтер боламын», - деді спортшы.
Еске сала кетейік, Ташкентте өткен OCTAGON 68 турнирінде өзбекстандық нокаутшы реванш кездесуінде бразилиялық Педро Фарриасты (10-9) нокаутқа түсірген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или