Седнев ҚПЛ клубын баптауы мүмкін
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» клубтарының бұрынғы бапкері Александр Седнев «Тұранды» баптауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Meta-ratings.kz хабарлағандай, жақын арада беларусь маманы түркістандық командаға бас бапкер ретінде таныстырылады.
2018-2019 жылдары Седнев «Ақтөбеде» жұмыс істесе, 2021-2023 жылдары «Ордабасыны» жаттықтырды, оның жетекшілігімен шымкенттік клуб өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или