Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жаңа жылдағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
Қазақстандық-ресейлік дуэт аустралиялықтар Габриэлла Да Силва Фи - Оливия Гадекиді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Эшлин Крюгер - Джессика Пегуламен кездеседі.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или