Станислав Черчесов ұлттық құрама бас бапкері болып қала береді
Станислав Черчесов ұлттық құрамада қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыратын ресейлік маман «Спорт-Экспресс» басылымына берген шағын сұхбатында солай деді.
Маманның сөзіне сенсек, бүгін ол жуырда ғана ҚФФ президенті болып сайланған Марат Омаровпен кездескен.
2 сағатқа созылған жүздесуде ол жоспарын айтқан. Ал жұмысынан кету жайлы әңгіме де болмаған.
Айта кетейік, ҚФФ президенті 2024 жылдың соңында ауысты. Ал Черчесовті шақырған федерацияның бұрынғы басшысы Әділет Бәрменқұлов былтырғы қараша айында өз еркімен қызметінен кеткен. Федерация тізгінін 20 желтоқсан күні Марат Омаров алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или