Оралхан Өміртаев «БАТЭ» командасын тастап, ҚПЛ-ге қайтып оралды,
Оралхан Өміртаев «БАТЭ» командасын тастап, ҚПЛ-ге қайтып оралды, деп хабарлайды Prosports.kz
Футболшының отанына оралатыны белгілі болған, алайда түркістандық команда екенін көпшілік болжаған жоқ. Себебі, Қазақстан құрамасының форварды ҚПЛ-дің алғашқы алтылығының қатарындағы командаға барады деген ақпарат тараған еді. Десе де, Оралханның таңдауы Түркістан болыпты. Енді футболшы «Тұранмен» бірге БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындарында аттанбақшы.
Айта кетейік, 26-жастағы шабуылшы өткен маусымды борисовтік клубпен аяқтады. «БАТЭ» жейдесіндегі 14 ойында 6 рет мергендік танытқан. Ал чемпионаттың басындағы ұжымы «Слуцкте» 13 кездесуде 4 гол салған еді.
О. Өміртаев сондай-ақ, Қазақстанның «Шахтер», «Тобыл», «Атырау» мен «Ақжайық» секілді бірқатар командаларында доп тепкен болатын.
«Тұран» биылғы маусымда ҚПЛ-ді 12-орынмен аяқтады.