Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 КО) шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Темировтың келесі жекпе-жегі 29 наурызда Фленсбургте (Германия) өтеді деп жоспарланған. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

2 қарашада Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен кейінгі жекпе-жегінде 24 жастағы Темиров никарагуалық Робин Самораны (21-35, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBF European бірінші орта салмақтағы чемпиондық титулды жеңіп алды. 

Айта кетейік, Виктор Темиров кәсіпқой рингте «Қасапшы» деген лақап атқа ие, бірақ Германиядағы жанкүйерлер мен журналистер оны Германияда кәсіпқой мансабын бастаған жас Геннадий Головкинмен жиі салыстырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или