Қазақстандық теннисші Аделаидадағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Аделаидадағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аделаидада өтіп жатқан ATP-250 турнирінің бірінші айналымында сербиялық теннисші Миомир Кецмановичтен 4:6, 2: 6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1 сағат 3 минутқа созылды.

Кецманович келесі кездесуін австралиялық теннисші Кристофер О'Коннеллмен өткізеді.

Айта кетейік, Аделаидадағы турнир 6-11 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 766 290 доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или