Қазақстан құрамасының қақпашысы «Астанадан» кетті

Қазақстан құрамасының қақпашысы «Астанадан» кетті

«Астананың» және Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий елордалық клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы футболшының кетуі оның келісімшартының аяқталуына байланысты.

Заруцкий «Астана» сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, ол ҚПЛ-да барлығы 33 матч өткізген. Сондай-ақ қақпашы мансабында Қарағандының «Шахтері», Петропавлдың «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс» және «Қайсар» клубтарында ойнаған.

2024 жылдың маусым айында Заруцкий Қазақстан құрамасы сапында Азербайжанмен жолдастық кездесуде (2:3) дебют жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или