Қазақстандық танымал футболшы ҚПЛ клубының бапкерлік штабынан кетті
Қызылордалық «Қайсардың» бапкерлік штабынан Қанат Әлиев кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін 39 жастағы жергілікті маман бас бапкер Виктор Кумыковтың ассистенті қызметін атқарған.
Футболшы ретінде Әлиев алғаш рет 2002 жылы «Қайсар» сапында алаңға шығып, 2014 жылы кәсіби мансабын аяқтаған. 2018 жылдан бастап ол клуб құрылымында түрлі қызметтер атқарды.
2023 жылдан бері Әлиев негізгі командада бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеді. Оның кетуі астанаға қоныс аударуымен байланысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или