Жалғас Жұмағұловтың шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

Жалғас Жұмағұловтың шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың шаршы алаңға шығатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Спортшы 27 ақпан күні Павлодарда бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Fight Night лигасының президенті Камил Гаджиев өзінің YouTube-тегі парақшасында айтты.

Бұл Жұмағұловтың лигада бокс ережесі бойынша өтетін екінші айқасы. Алғашқы кездесуі 2024 жылғы желтоқсанда Астанада ұйымдастырылды. Естеріңізде болса, елорда төріндегі Fight Nights Boxing бокс кешінде Жалғас Норвегия өкілі Раванд Оубоймен жұдырықтасты (1-0, 0 КО). Бұл кездесу төрт раундқа есептеліп, төрешілердің ортақ шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастаса, Раванд Оуба алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или