17 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді

17 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-орыннан көрінді. 

Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы екінші үздік нәтиже. 2018 жылы Тимофей Скатов ITF Juniors Ranking рейтингісінде көш бастаған еді. 

Сол секілді 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы 74-тен 38-орынға көтерілді. 

Дамир Жалғасбайдың қарқыны да жақсы. ТОП-100-ге жақындаған ол 112-сатыда (+84) тұр. 

Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы осы айда жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ел намысын қорғайды. 

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или