Еркебұлан Сейдахмет Польша чемпионатына ауысуға жақын

Еркебұлан Сейдахмет Польша чемпионатына ауысуға жақын

Еркебұлан Сейдахмет Польша чемпионатына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz 

Дәл осы күндері футболшы мен польшалық клуб өкілдерінің арасында келіссөздер жүруде. Тараптар өзара келіскен соң трансфер туралы ресми жарияланатын болады. Айта кетейік, Тараз футболының түлегі жыл соңында «Қайраттан» кетті. Футболшыға Қазақстан премьер-лигасының бірнеше командасы қызығушылық танытқан, оның ішінде семейлік «Елімайдың» да болғаны белгілі. Тіпті, кейбір ақпарат көздері Сейдахметті Семейге жіберіп қойған, бірақ қазір белгілі болып отырғандай қазақтан шыққан Мессидің мансабы шетел чемпионатында жалғасатын көрінеді.    

Еркебұлан Сейдахмет биыл «Қайрат» сапында ҚПЛ-де топ жарды. 24-жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда алматылық клуб жейдесінде 18 ойында алаңға шығып, бір гол салған болатын.

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайрат» сапында 107 кездесуде алаңға шығып, сегіз гол салып, 10 ассист берді. Е. Сейдахмет алматылық клубтан бөлек талдықорғанның «Жетісуі» мен ресейлік «Уфа» жейдесінде доп тепті, питерлік «Зениттің» қаралымында болды және Болгария чемпионатында «Левски» командасының намысын қорғады.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или