Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны қандай?
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында әйелдер спортшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Демалыс күндері Брисбенде (Австралия) өткен WTA-500 турнирінде жеңіске жеткен беларусьтік Арина Соболенко әлемнің бірінші нөмірі атағын сақтап қалды. Екінші орын поляк Ига Швянтекке бұйырды. Үздік үштікті америкалық теннисші Кори Гауфф аяқтады.
Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина алтыншы болып қалды. Еске сала кетейік, өткен аптада құрамында Рыбакина бар Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Біріккен Кубок турнирінің жартылай финалына шығып, Польша құрамасынан жеңілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или