Ивуарлық футболшы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін
Беларусьтік «Сморгонның» ивуарлық қорғаушысы Абдул Азиз Туре «Қызылжарға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы «Ear» Telegram арнасы хабарлады.
Бұған дейін ресейлік агент Дмитрий Селюк Туренің Беларусь чемпионатынан кететінін айтқан болатын.
Өткен маусымда 22 жастағы қорғаушы команда сапында 24 матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
2024 жылғы маусымда «Сморгонь» 32 ұпаймен Беларусь Жоғарғы лигасының кестесінде 12-орында болса, «Қызылжар» 24 матчта 29 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или