Өзбекстан құрамасының ойыншысы «Манчестер Ситиде» ойнауы мүмкін
«Манчестер Сити» Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың трансфері туралы «Ланспен» келіссөз жүргізе бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) жеке парақшасында хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, «Ланс» «Манчестер Ситиден» бұдан әрі әрекетті күтуде, өйткені басқа да қызығушылық танытқан клубтар бар.
Бұған дейін ағылшындық клуб футболшыны қаңтардағы ықтимал трансферлер тізіміне қосқаны белгілі болған.
Хусанов «Ланс» сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Футболшының клубпен келісімшарт мерзімі 2027 жылға дейін.
Осы маусымда Хусанов «Ланс» үшін барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или