Қазыбек Нөгербек Нидерландыдағы турнирге қатысады

Қазыбек Нөгербек Нидерландыдағы турнирге қатысады

17 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Нидерландыда Tata Steel Chess халықаралық шахмат турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ең көне және беделді шахмат турнирлерінің бірі. 1937 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Жарыс екі топта өтеді – Masters және Challengers.

Әр топта 14 қатысушы бар. Қатысушылар арасында шахматтан қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджу, алдыңғы турнирдің қазіргі чемпионы Вей және 2020 жылғы турнирдің жеңімпазы Фабиано Каруана бар. Қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек Challengers тобына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или