«Челси» АПЛ-дегі қатарынан төртінші матчта жеңіске жете алмады
Англия Премьер-лигасының 20-турында «Челси» «Кристал Пэлас» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, «көктер» АПЛ-дегі қатарынан төртінші матчта жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat порталына сілтеме жасап.
Алдыңғы үш матчта «Челси» екі рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған болатын.
Кездесудің 14-минутында «Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер шабуылшы Джейдон Санчоның пасынан кейін есеп ашты. 82-минутта «Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матета тең есепке қол жеткізді, оған Эберечи Эзе ассист жасады.
Осы матчтан кейін «Челси» 36 ұпай жинап, АПЛ турнирлік кестесінде төртінші орынды сақтап қалды. Ал «Кристал Пэлас» 20 ойыннан кейін 21 ұпаймен 15-орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или